Шымкент

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының бағыттары

Сала цифровизациясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі төрт басымдығы бар. Әрқайсысының көтерер жүгі ауыр. 

Мәселен, «Цифрлық Жібек жолы» бағыты – ауылдық елді мекендерде интернетке кірудің кең жолақты желісін енгізу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құру, телерадио хабарлар тарату желісін жетілдіру, телекоммуникациялық хабты дамытуға мән беріледі. «Белсенді мемлекетке өту» бағыты – электрондық және мобильдік Үкіметті әрі қарай дамыту арқылы цифрлық үкіметті құруды көздейді. 

«Креативті қоғам» – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін жоғарылату, креативті ойлауды және осы арқылы адами капиталды дамытуды міндеттеп отыр.  

Сонымен қатар, төртінші «Экономика саласындағы цифрлық түрлендірулер» бағыты – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында цифрлық технологияларды енгізу арқылы цифрлық индустрияны дамыту, еліміздің көліктік-логистикалық жүйесін автоматтандыру, электрондық сауданы дамыту, денсаулық сақтау қызметін жетілдіру, т.б., міндеттері тұр.  

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы екі кезеңде жүзеге асырылмақ екінші кезең 2020-2025 жыл аралығына жоспарланған.  

Цифрландырудың қазіргі экономиканың түрлі салаларын дамытуда қосып жатқан үлесі мол. Мобильдік билеттер, онлайн сауда, орталықтандырылған қашықтан басқару, науқастың электрондық тарихы және дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеу сынды игіліктері бар.  

Ең маңыздысы – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық және жеделділік қалыптасады.