Шымкент

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен үй беріледі

Ірі қалалар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және ҚР облыстық орталықтарының сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің байланыстары «Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және өзіне тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін және бұрын қабылданған мемлекеттік және салалық: «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың және Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктірді. 

Бағдарлама елдегі халықтың әр тараптарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталды. Ұлттық банк «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын әзірлеуі және бекітуіне байланысты 5 негізгі міндеттер қайта қаралып, өзектендіріліп, өзекті болып белгіленді: Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу Кредиттік тұрғын үй салу. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу.

Ескертпе: «7-20-25» ипотекасын енгізуге байланысты бұрын баяндалған «ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру» деген 5-міндет жасалған шарттар бойынша субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерін сақтай отырып алынып тасталды.

Жыл сайын 3000 жуық пәтер салуға республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй қорын құру үшін өңірлерге 25 млрд. теңге бөлу көзделді. Жыл сайынғы қаржыландыруды 10 млрд. теңгеге арттыру жоспарланып отыр, бұл жыл сайын тағы 1000 тұрғын үйді пайдалануға қосымша тапсыруға мүмкіндік береді.

Салынған жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктердің тізімінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кезек тәртібінде сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімді жалға берілетін болады. Осындай санаттағы тұлғалар тізбесі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында келтірілген. Тұрғын үйді алуға кезекке тұру үшін мұқтаж ретінде есепке қою үшін әкімдікке жүгіну қажет.

Осы сілтеме бойынша өтіп, қызметті порталда онлайн алуға және қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады. Бұдан басқа, жыл шеңберінде Жастар жыл сайын Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, ол үшін республикалық бюджеттен 21,6 млрд. теңге көзделеді.