Шымкент
Жеке құрылысшылар мен квазимемлекеттік мекемелер
"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында еке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін республикалық бюджеттен субсиидялау есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру көзделеді.
Субсидиялар «Даму» КДҚ» АҚ қаржы агенті арқылы бөлінеді, құрылыс салушылардың қарыздары бойынша пайыздың ставкалары 7% мөлшерінде субсидияланатын болады. Бұл ретте, құрылыс компаниялармен салынған тұрғын үйдің 50% бір шаршы метріне белгіленген баға бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшыларына сатып алуға ұсынылатын болады: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында 260 мың теңгеге дейін және қалған өңірлерде 220 мың теңгеге дейін. Жеке құрылыс салушыға субсидияланған кредитті қалай алуға болады?
1-қадам. Заңды тұлға ЕДБ-ге тұрғын үй салу үшін кредит алуға құжаттар мен субсидия алуға өтініш береді.
2-қадам. ЕДБ ішкі құжаттармен белгіленген процедураларға сәйкес төлем қабылеттілікті және кепілге салынған мүлікке бағалауын жүргізеді.
3-қадам. ЕДБ-тің кредит беру туралы оңтайлы шешімі қабылданған жағдайда, заңды тұлға субсидия алу үшін әкімдіктердің жаңындағы Өңірлік үйлестіруші кеңеске өтініш береді.
4-қадам. ӨҮК құжаттардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды.
5-қадам. ЕДБ-мен алған шешімнің негізінде қарыз алушымен және «Даму» АҚ-пен банктік қарыздың келісімін және субсидиялаудың келісімін жасасады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып тұрғын үй салу «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру тетіктері қарастырылады.
Сондай-ақ, Бағдарламаның шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самырұқ-Қазына» ЖМ» АҚ бастаған тұрғын үй құрылыс объекттерінің құрылысы аяқтау қарастырылған, олар уәкілетті орган бекітетін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді іске асыру қағидаларына сәйкес бөлінеді, осылайша:
— «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрғандарға сатып алуға ұсынылады және басқа тұлғаларға сатылмаған тұрғын үй болған жағдайда 9789 пәтер (588,7 мың шаршы метр) іске қосу қамтамасыз етіледі, жобаларды іске асыру аяқталды;
— «ҚИК» АҚ тұрғын үйі уәкілетті орган бекіткен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді сату ережесіне сәйкес ЖАО-да кезекте тұрғандарға кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі жалпы ауданы 1,054 млн. шаршы метр 18 583 пәтер салынды және сатып алынды), жобаларды іске асыру аяқталды;
— «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ тұрғын үйі барлық санаттағы азаматтар үшін сатып алуға арналған (коммерциялық тұрғын үй жобалары Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және ШҚО қалаларында іске асырылуда), жалпы ауданы 283 мың шаршы метр 5 471 пәтер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салынды және сатып алынды), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ-ның тұрғын үйі барлық санаттағы азаматтар үшін.
Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ТҮҚЖБ бағдарламалары арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын, ЕДБ-де шартталған депозиттерде ТҮҚЖБ қаражатын орналастыру арқылы жеке құрылыс салушылардың қатысуымен жобаларды іске асыру нормалары көзделген.
Нұр-Сұлтан қаласында авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасын іске асыру жалғастырылуда, оның шеңберінде жобаны қайта инвестициялау мақсатында нарықта өткізу үшін кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар шағын габаритті тұрғын үйлер мен жайлылығы I-IV сыныпты тұрғын үйлерді салу көзделіп отыр.
Кепілдік беру қорының қатысуымен үлестік салымдарды қорғау тетігін іске асыру, сондай-ақ төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шартында Нұр-Сұлтан қаласының уәкілетті ұйымына «Бәйтерек девелопмент» АҚ кредит беру есебінен Нұр-Сұлтан қаласында проблемалық тұрғын үй құрылысы объектілерін аяқтауды қаржыландыру көзделіп отыр.