Шымкент

Шымкентте жаңадан 13 білім нысаны салынып жатыр

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Карантиндік шектеулерге қарамастан құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар кестеге сай салынуда.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 7020 орындық 13 мектептің құрылысына қазынадан 8,4 миллиард теңге бөлінген. Олардың 9-ның құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған.

Өзге мектептер келесі жылға өтпелі. Ағымдағы жылы тапсырылатын білім ошақтарының қатарында 1 мың 200 және 300 оқушыға лайықталған 8 жалпы білім ордасы бар. Ал, тоғызыншы нысан өнер мектебі болып ашылады.

5 мектеп 1200 орындық болып салынуда. Бұл нысандар Самал-3, Асар-2 шағын ауданында орналасқан. Тағы бір мектеп және 300 орындық №23, №101 мектептер тамыз айында тапсырылады. 300 орындық №17, №63 және №84 мектептер жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебінің құрылысы биыл аяқталмақ.

Қалған 1920 орындық 4 мектеп құрылысы келесі жылға өтпелі. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.