Шымкент

Шымкентте мал басы көбеюде

Ауыл шаруашылығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары көп. Есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалып отыр. 

Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артып 82,7 мың басты, қой мен ешкі 5,7 пайызға артып 112,3 мың басты, ал құс 8 пайызға артып, саны 972,1 мың басқа жеткен.

Көрсеткіштердің өсуін шаруалар мал шаруашылығын қолдау мақсатында берілген субсидия және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен берілген қолдаудың нәтижесі деп біледі.

Қазірде жүйелі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында ет 1,5% артып, 8,4 мың тонна, сүт 2,8% артып, 25,7 мың тонна, жұмыртқа 23,1% артып 74,1 млн. дана өндірілді.

Мемлекеттен қаржылай қолдау алып ет бордақылау кәсібін дөңгелетіп отырған «Ет өнімдері KZ» ЖШС-нің жұмысымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан шаруа қожалықтың жалпы аумағы 5,5 га құрайды. Сыйымдылығы 3 мың бастық бордақылау алаңында қазірде 1500 бастан аса ірі қара мал бордақыланып жатыр.

Мал бордақылау алаңының жұмысымен таныстыру барысында серіктестік иесі өткен жылы бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату бойынша мемлекет тарапынан 148,1 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар, 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 100 млн. тг несие алып, шарушылығын кеңейтіп жатқанын жеткізді.