Әлем жаңалықтары

Беларусьте сайлаудан кейін қақтығыс өтті

Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 тамызда Беларусьте президент сайлауы болды. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары басталды. Тұтқындау шаралары өңірлерде де жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Түнде наразылық білдірушілер Жеңіс алаңына жиналды. Тәртіп сақшылары резеңке таяқ пен бұрышты баллон қолданды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық білдірушілерді жарық-шулы граната мен суатқыш қолданып, таратуға тырысты.
Түн ортасында күш құрылымдары жиналғандарды ығыстырып, Машеров даңғылы бойымен шегінуге мәжбүр етті. Содан кейін демонстранттар таратылды.
Бұл операцияға ОМОН және ішкі әскер тартылды.
Минскідегі жедел жәрдем ауруханасына қосымша реаниматологтар мен травматологтар шақырылды. Медициналық мекеме зардап шеккендердің нақты санын атай алмады.
Минскінің орталығындағы аулаларда жүрген кейбір наразылық білдірушілер ұсталып жатыр.
Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген жаппай шаралар өтіп жатқан Минск пен республиканың басқа да қалаларындағы жағдайды қадағалап отыр, деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ольга Чемоданова.
Чемоданованың айтуынша, Минск пен облыс қалаларындағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы саны туралы мәлімет жоқ екен. 
Айта кетейік, ұлттық экзитполдың мәліметіне сәйкес, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинады. Сайлаушылардың 9,2% -і барлығына қарсы дауыс берді. Сауалнама 320 сайлау учаскесінде жүргізілді. Дауыс беруге сайлаушылардың 79% келген.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.