Weekend

Еліміз тап болған қиындықтарға арналады: Димаш жаңа бейнебаян түсірді

Димаштың жаңа бейнебаяны шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген "Qairan Elim" әніне бейнебаян түсірді. Бұл жолы әнші режиссер ретінде дебют жасады.

Әншінің бұл әні коронавирус кезінде еліміз тап болған қиыншылықтарға арналыпты.

Әуен авторы Ренат Гайсин мен Димаш Құдайбергеннің айтуынша, "Қайран елім" – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үміт барын ұғындыру. Олар барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргілері келеді. Сонымен қатар өнер адамдары дәл қазіргі таңда ең бастысы мықты болуымыз керектігін айтты. Өнерпаздардың бұл сөзін dimashnews.com сайты мәлімдеді.

Бейнебаян Алматы облысының көрікті жерлерінде түсірілген.