Экономика

42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

42 500 теңге жәрдемақы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар 42 500 теңге төлемді электронды әмиянға ала алады. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік көмек төлеудің бекітілген ережесінде "электронды ақша жүйесінің операторы" ұғымы жазылған.

Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді.

Осылайша, шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылған қазақстандықтар өздерінің электронды әмиянына 42 500 теңге көлемінде көмек алады.

Электронды ақша жүйесінің операторлары қаражат түсетін электронды әмиянның расымен де карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті.

"Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді", - делінген бұйрық мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан аумағында карантиннің екі аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан бір реттік төлем алушыларға ең төменгі жалақының жартысы мөлшерінде қосымша 21 250 теңге берілетіні хабарланған болатын.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша төлем автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.