COVID-19

Елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің өсімі тоқтады

Қазақстанда вирусты жұқтыру көрсеткіші азайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық жұқтыру өсімінің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетті толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десе болады", - деді деді министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндет – індетті жұқтыру мен өлімді тоқтату.

"Осы ретте барша қазақстандықтарды санитарлық ережелерді орындауға шақырамыз", - деп атап көрсетті Қожахмет. Министрлік өкілі бүгіннен бастап әрбір дүйсенбі сайын брифинг өткізетінін де жеткізді. Осылайша, денсаулық сақтау министрлігі арқылы халықтың үнін тыңдайтын мемлекет үлгісін сіздерге көрсеткіміз келеді дейді.

Айта кетейік, соңғы тәуліктің ішінде республика бойынша коронавирус жұқтырған 741 адам тіркелді. 23 науқас қайтыс болды. Жалпы, осы уақытқа дейін 99 442 қазақстандық коронавирусқа шалдыққан. Осы уақытқа дейін 1 269 науқас көз жұмды.

Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсат пневмониялар да есепке алынады. Бірақ осы статистика бөлек көрсетіледі. Оған сәйкес, 10 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық пневмонияға шалдыққан 13 280 адам тіркелген. 9 күннің ішінде 164 науқас көз жұмды. Ал соңғы бір тәуліктің ішінде 159 пациент анықталып, 12 пациент қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 650 адам ем қабылдауда. Олардың ішінде 105 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 69 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - дейді министрлік мамандары.