COVID-19

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 20 миллионнан асты

Елімізде вирусты жұқтырғандар 100 мыңнан асты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 20 миллионнан асты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Олардың мәліметіне қарағанда, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 001 019-ға жетті. Ал қайтыс болғандар - 733 103 адам. Сонымен қатар 12 200 847 адам дертінен емделген.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте 722 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Оның ішінде 374 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 156 / 97

Алматы қаласы - 120 / 83

Шымкент қаласы - 7 / 1

Ақмола облысы - 23 / 13

Ақтөбе облысы - 5 / 3

Алматы облысы - 17 / 8

Атырау облысы - 11 / 9

Шығыс Қазақстан облысы - 90 / 34

Жамбыл облысы - 20 / 10

Батыс Қазақстан облысы - 51 / 20

Қарағанды облысы - 87 / 35

Қостанай облысы - 30 / 15

Қызылорда облысы - 6 / 3

Маңғыстау облысы - 19 / 17

Павлодар облысы - 23 / 10

Солтүстік Қазақстан облысы - 34 / 6

Түркістан облысы - 23 / 10

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 100164.