Шымкент

Шымкент: Карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді

Құқықбұзушылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты.

«Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды», - деді.

Мониторинг жүргізілген нысандар қатарында 4548-і тағам нысандары болса,  3844 - коммуналдық нысандар.

Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

- карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың,

сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;

- қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс

жұмыс жасауы;

- қызметкерлердің,  жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде

режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі