Саясат

Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады

Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданының Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге тамыздың 10-нан 11-не қараған түні бір топ жастың бірнеше үй мен кітапхана ғимаратының терезелерін сындыруы себеп болды. Олардың барлығы ұсталынып, Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Дабыл түсе салысымен бірден оқиға орнына полицейлер, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары аттанған. Жағдай жедел бақылауға алынып, барлық бұзақылар қолға түскен. 
"Біздің қоғамда ешкім алауыздық туғыза алмайды, және бір топ жастардың бұзақылық әрекеттерінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ", - дейді ауыл ақсақалы Махмуд Теміров.
Бердібек Сапарбаев жастар, әсіресе бұзақылыққа қатысты жастардың ата-аналары тәрбие жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Олардың атынан ұсталған жігіттердің бірінің атасы Аманжол Ділдәбеков сөз алып, болған оқиға туралы естігенде жағасын ұстағанын жасырмады.
"Мен Қасқабұлақ ауылының тұрғындарынан балаларымызды бақылай алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын", - деді ол.
Бердібек Сапарбаев мұндай жағдайға не себеп болғанын айтты.
"Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата-анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол - Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек", - деді әкім.
Қасқабұлақтағы жағдай
Кеше, 11 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  
Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді. 

sputniknews.kz