Саясат
Қазақстанда Сенат сайлауы өтіп жатыр
Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары сайлайды.
"Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген... Еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында таңдаушылардың бірлескен отырысы басталды", - делінген хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00);
- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару.
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК Telegram-каналында жарияланады.
Айта кетейік, Сенат депутаттарының уәкілеттіктерінің конституциялық мерзімі қазан айында аяқталды. Сайлау сол себепті өтіп жатыр.
Республика бойынша тыңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаттары қосылған. Ең көбі Алматы облысында - 317 және Шығыс Қазақстан облысында - 301, ең азы Нұр-Сұлтан - 21, Шымкенті - 26 және Алматы қаласында - 32.
Сайлауға бәрі бекітілген 58-ден тек 46 үміткер қатысып жатыр. ОСК хабарлауына қарағанда, тіркеуден кейін 12 депутат кандидатурасын алып тастау туралы өтініш жазған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4 үміткер, 10 аймақта 3 үміткерден: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қаласы. Қалған аймақтарда 2 үміткерден.
Конституцияға сәйкес Сенатқа әр облыстан екі адамды таңдаушылар (мәслихат депутаттары) сайлайды. Сенатқа он бес депутатты Президент тағайындайды. Сенаттың сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының уәкілеттік мерзімі - алты жыл.