Weekend

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер 13-15 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Алдағы үш күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және тұрақсыз ауа райын сақтайды. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады", - деді синоптиктер.

tengrinews.kz