Саясат

Жамбыл Ахметбеков бастаған коммунистер қазақ ұлтшылдарының үстінен арызданып жатыр

Олардың айтуынша, Қазақстанда радикалды ұлтшылдар тобы құрыла бастаған. Онда шовинистік мәлімдемелер қабылданады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы елдегі ұлтшылдардың әрекетін тексеріп, оларға қарсы шара қолдануды талап етіп, Бас прокуратураға ашық хат жолдағаны белгілі болып отыр. Коммунистердің ойынша, радикалды ұлтшылдарды бетімен жіберу ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді.

Сонымен қатар партия өкілдері мұндай топтардың күшеюі Грузия мен Украинадағыдай түрлі түсті төңкеріске әкеліп соқтырып, аумақтардың бір бөлігін жоғалтуға дейін қатаң қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін айтқан.

«...Сонымен бірге біз әлеуметтік желіде қоғам үшін қауіпті жағдай дамып келе жатқанын атап өткіміз келеді. Радикалды ұлтшылдар тобы құрылды. Онда шовинистік мәлімдемелер қабылданады және талқыланады, бір ұлттың екіншісінен артықшылығы анықталады. Сондай-ақ қазіргі заманғы проблемаларға Қазақстанға келіп, тұрып жатқан басқа этникалық топтардың өкілдері кінәлі деген теріс пікір айтылады. Басқа ұлт өкілдеріне төзімсіздік пен өшпенділік байқалады. Сонымен қатар олар украин ұлтшылдарын, олардың ықпалын, Украинадағы оқиғалардың даму сценарийін қолдайды. Нацистік, фашистік белгілер мен атрибуттарды көрсетеді, насихаттайды.

Мұндай адамдар мен топтардың аздығына қарамастан, пайда болған шовинистік мәлімдемелер, үндеулер мен іс-әрекеттер, олардың жазасыз қалуы қоғамдағы көңіл-күйге теріс әсер етеді. Қазақстанның ішінде де, одан тыс жерлерде де халықтың наразылығын тудырады», - делініпті партияның орталық комитеті дайындаған арыз-хатта.

Айтуларынша, радикалды ұлтшылдардың әрекетін ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарау керек.

«Радикалды ұлтшылдардың әрекеті жойқын және оларды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарау керек. Соғысқа құмартқан ұлтшылдардың өздерін қоғамның бөлінуіне жұмыс істейтін сыртқы ойыншылардың серіктестері ретінде қабылдау керек. Тарих көрсеткендей, Украинада, Грузияда, Молдовада радикалды ұлтшылдардың пайда болуы, революцияның генераторы ретінде әрекет етуі, ел ішінде, көрші елдермен, серіктестермен, аумақтардың бір бөлігін жоғалтуға дейін қатаң қақтығысқа әкелері сөзсіз!

Елде бейбітшілікті сақтау үшін радикалды ұлтшылдардың арандатушылық әрекетіне көз жұмбауымыз керек.

...Сонымен бірге біз радикализмнің кез-келген түрі жас мемлекетіміз үшін деструктивті екенін түсінеміз және оны жоюды талап етеміз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Бас Прокуратурадан ұлтшылдардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді, оларға құқықтық баға беруді, шығу тегіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне байланысты кемсітушілікті, жеккөрушілікті қоздыру фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етуді сұрайды», - делінген партия мәлімдемесінде.

Мәлім.кз сайтының жазуынша, бұл мәлімдемені Коммунистік партия орталық комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров, партияның орталық комитетінің хатшысы, депутат Жамбыл Ахметбеков пен партия мүшесі, мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен.

Skifnews.kz