Алматы

Алматы Антикор қала дәріханаларына мониторинг жүргізді

Баға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қала дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бар-жоғына мониторинг жасады. Сондай-ақ, департамент басшысы Нығметжан Сапаров, Парламент депутаты Ирина Смирнова, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері, Арнайы мониторингтік топ, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, "Алматы Адалдық алаңы" мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дәрі-дәрмектердің сатылым құнына қолжемді баға қойылды.

Халық көп жиналған, кезекте тұрған дәріханалардың 50-ге жуығына рейд жүргізілген. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, дәріханаларда вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін "Дексиментазон", "Клексан", "Трамбопол", "Парацетамол", "Зитмак" сынды препараттардың жетіспейтіндігі белгілі болды.

Алайда дәріхана өкілдерінің айтуынша, қажетті дәрілер жақын арада түсуі тиіс, өйткені өтінім берілген. Қазір дәріханалардың барлығы штаттық режімде жұмыс жасауда.

-. Дәрі-дәрмек бағасы белгіленген сомадан көтерілмегені, медициналық маскі мен қолғаптың жеткілікті екені белгілі болды, - дейді департамент басшысы Нығметжан Сапаров.


Одан бөлек, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің оперативті іздеу шарасының арқасында медициналық маскіні заңсыз сатқандар ұсталды. Олардың қоймасынан 6 млн 400 мың дана маскі табылды. Ал сатылымы шығарылғаны – 1 млн маскі. Департаменттің тексеруімен 7 млн 400 мың маскі табылды.

- Бұл маскілер Алматы тұрғындарын толық маскімен қамтамасыз етуге жетеді. Заңсыз сатылымға айналысқан азамат ҚР ҚК 189-бабы бойынша ұсталды, - дейді Нығметжан Сапаров.