COVID-19

Кальян коронавирустың таралуына ықпал етуші факторлардың бірі боп танылды

Енді қорқорды тек үйде шегуге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорқор COVID-19-дың таралу себептерінің бірі болуы мүмкін. Ресейлік денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің бұл пікірімен қазақстандық шенеуніктер де келісіп отыр.

Вирус адам организміне олар бір рет қолдануға арналғанына қарамастан мундштуктер арқылы жұғуы мүмкін.

"Қорқор шегушілер оны әлеуметтік евент секілді қабылдайды, сондықтан қорқорды топқа арнап жасайды, бір мундштукты бірнеше адам қолдануы мүмкін, сол арқылы инфекция бірнеше адамға жұғуы мүмкін. Ол қарапайым тұмау, тіпті коронавирус та болуы мүмкін. Ол ұшық, цитомегалавирус, мерез, А гепатиты, тіпті туберкулез де жұғуы мүмкін", - дейді ҚР ДСМ ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы департаментінің директоры Арыстан Молдажанов.

Айта кетейік, жақында Қазақстанда шылым шегетін құралдарды пайдалану орындарын шектеген болатын. Енді қорқорды тек үйде шегуге болады.

2021 жылдың 1 шілдесінен темекі өнімдерін, соның ішінде, қорқорды ашық сатып, сөрелерде орналастыруға тыйым салынған. Сатып алушылар алдымен тізіммен танысып, сосын қалаған затын сатып ала алады.   

skifnews.kz