Саясат
Юлия Тимошенко Қырым мен Донбасты Ресейден соғыссыз алуға уәде берді
Президенттік сайлауға түскелі отырған «Батькивщина» партиясының жетекшісі және Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко Қырым мен Донбасты Ресейден қайтарып алу туралы ойын айтты. «Бұл – біздің жеріміз және ешкім де оның бір бөлігін алу туралы бізбен келіссөз жүргізе алмайды. Біз бұған жол бермейміз»,-деді Тимошенко. Сондай-ақ ол АҚШ-қа барған сапарларында Будапешт меморандумының өтуіне қатысты мәселені көтергенін айтты.
«Будапешт плюс форматындағы дипломатиялық майдандағы шабуыл біздің жаңа бейбітшілік пен қауіпсіздік стратегиямыздың бір бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, жеңіске апаратын қадамдар – украин әскерлерінің күшеюі және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту, сондай-ақ өтемақы төлеу бойынша заңды іс-шаралар жүргізу»,-деп түсіндірді ол. «Бізге бейбітшілік қажет. Ал бейбітшілік Будапешт меморандумы негізінде дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс. Украинада шекараны қорғауға қабілетті қарулы әскер құру керек және соғысты тоқтату керек»,-деді ол.
Саясаткер Юлия Тимошенко Қырым мен Донбасты алғаны үшін Ресейден 100 миллиард евро мөлшерінде өтемақы алуды жоспарлап отыр.
КСРО ыдырағаннан кейін Украина маңызды ядролық арсеналға ие болған болатын. Алайда 1994 жылы Киев ядролық қаруды пайдаланбау туралы Мәскеу, Вашингтон және Лондонмен Будапешт меморандумына қол қояды. Құжат Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етті, алайда одан кейін ядролық арсенал жойылған еді.
Айта кетейік, қазан айының басында Юлия Тимошенко елдің президенттігіне үміткерлердің рейтингінде бірінші орынды иеленіп, украиндықтардың 15,9%-ы оны қолдамақ болған. Ал Порошенко үшін украиндықтардың 9,3%-ы дауыс бермек екен.