Спорт

Бапкер мәлімдеме жасады: Нурмагомедов Фергюсонмен тағы кездесе ме?

Бапкер қандай жағдайда Нурмагомедов Фергюсонмен кездесетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің қандай жағдайда америкалық Тони Фергюсонға қарсы шығатынын айтты, - деп жазады Vesti.kz.

"Мен кездесуді қаламаймын. Себебі Тонимен кездесу өтеді деген кезде әйтеуір бірнәрсе кері тартып тұрады. Соңғы рет пандемия кедергі болды. Жалпы бұл кездесуді бес рет ұйымдастыруға ниетті болды. Бірақ бес рет те өтпей қалды. Алтыншы рет талпынып көреміз бе? Жоқ.

Егер Тони жеңіске жетіп, UFC оны Хабибке қарсы қоятын болса, кездесуді ұйымдастыруға болады. Соңғы кездесуіне ол қатты дайындалды. Мұны істеудің қажеті жоқ еді, - деді Мендес сұхбатында.

Еске салайық, UFC Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы кездесуді бес рет ұйымдастырмақ болған еді. Бірақ бұл айқас екі рет Тонидің жарақатына байланысты өтпсе, екі рет Хабибтің жарақатына байланысты болмады. Соңғы рет бұл кездесудің өтпеуіне коронавирус себеп болды.

Айта кетейік, жалпы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Фергюсон 25 кездесуде жеңіске жетіп, 4 кездесуде жеңілген.

tengrinews.kz