Шымкент

Шымкентте короновирустың таралуы төмендеп келеді

Эпидемиологиялық ахуал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілік - 0,62% құрайды.  Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады екен.

Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол көрсеткіш 1 пайыздан төмен болса, вирус жұқтыру төмен деңгейде деген сөз.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тікелей басшылығымен коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелерінің қатарында – денсаулық сақтау, полиция және қалалық басқарма өкілдері бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі