Hi-Tech

iPhone смартфонын дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?

Біле жүріңіз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдік бренд, әлемдік трендке айналған, көптің жүрегін жаулаған Айфон туралы не білеміз?

iPhone — Apple компаниясының төрт диапазонды мультимедиалық смартфондары. Смартфондар iPod плеерінің, коммуникатордың және интернет-планшеттің қызметін атқарады. Mac OS X операциялық жүйесінің аздап жеңілдетілген түрі Apple iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейді. iPhone алғаш рет 9 қаңтар 2007 жылы MacWorldExpo конференциясында көпшілікке таныстырылды. 29 маусым 2007 жылы саудаға түсіп, АҚШ-тағы смартфондар саудасының едәуір бөлігін жаулап алды. Қазіргі уақытта әлемнің-76 елінде ресми түрде сатылса, бейресми сатылымы қаншама?!

Қазіргі уақытта біреулер үшін сапасы келіскен смартфон болса, енді біреулер үшін мақтаныштың шарықтау шегі болып отыр. Жұп болған бүйректі- құт болған Айфонға тәрк еттік.

Сымсыз телефондардың  алдыңғы қатарында тұрған, өзіне бәсекелестерін ілестірмейтін бұл смартфонның қолданудың өзіндік шарттары бар.

1. Смартфонды аптасына бір рет сөндіріп тұру керек.  Ұзақ уақыт бойы қолданылмаса да, сөндірмей ұстаған телефонның аккумуляторы тез істен шығатынын ескертеді.

2. Қалтафоныңызды түні бойы қуат көзіне қосып қоймаңыз. Бұл әдіс телефон батареясының тез бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ, «айфонның» қуаты да тез таусылатын болады.

3. Және кез келген телефонды 0 градустан төмен ауа-райында қолданбағаныңыз жөн. Жазды күндері +30 градус та кері әсерін тигізеді.

4Зарядтағыш құрылғысы істен шыққан кезде, арзанын сатып алмаңыз, ол да телефоныңздың тезірек бұзылуына әсерін тигізеді.

5. Айфонды жиі тазалап тұрған жөн. Жұмсақ матамен сүртіп, жалтыратып қойғаныңздың өзі телефонға оң ықпал етеді. Сондай-ақ, зарядтағыш құрылғыны да тазалап тұрыңыз.

6. Мекен-жайыңызды анықтайтын қызметке рұқсат берген кезде телефонның батареясы тез отырады. Оған әртүрлі бағдарламадан келетін push-хаттар да әсерін тигізеді.

Ғаламшарды өзіне қаратқан үш алманың бірі- жеңілуді білмейтін дәл осы Стив Джобстың жарты алмасы болып отыр.   Сол жарты алманың құны- жарты жылдық табысқа пара-пар.  Дегенмен ішерге асы, киерге көйлегіміз болмасада қолымызда айфон бар. Жайфондар жайына қалып, айфондар дүркіреп тұр. Адам құласа күліп, айфон құласа жылайтын жағдайдамыз.  Өкініштісі де осы.

Айфонымыз  аман, еліміз тыныш, жұртымыз сау болсын ағайын.