Шымкент

Шымкент: Рұқсат етілген кəсіпкерлік субъектілердің санитарлық сапасына мониторинг жүргізілді

Тексеріс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және БАҚ өкілдерінен құралған мониторингтік топ қаладағы "Самал", "Айна" базары мен "Мега планет", "ЦУМ", "Шымкент плаза" сауда орталықтарын аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізді.


- Мемлекеттік комиссия отырысында 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім қабылданғаны бəрімізге белгілі. Осы орайда біз рұқсат етілген нысандарға мониторинг жүргізудеміз. Яғни, бұл кəсіпкерлік субъектілер "InfoKazakhstan" платформасы арқылы тіркелуден өтуі керек. Егер санитарлық нормаларға сай келсе, ертеңнен бастап өз жұмыстарына кіріседі, - деді қала əкімінің орынбасары.

Ал Кəсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Орынбасарұлы кəсіпкерлік нысан иелері арнайы платформаның рұқсаты туралы міндеттемесін алмаса, бизнесін бастауға мүмкіндік жоқ екенін жеткізді. Ал тексеру жұмыстары барысында дезинфекциялық шаралар дұрыс жүргізілмеген нысандарға бірқатар ескерту берілді.

Айта кетейік, "InfoKazakhstan" платформасына тіркелу бойынша сұрақтарды 1432 бірыңғай байланыс-орталығына қоңырау шалып (тегін), білуге болады.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы