Weekend
Дариға Назарбаева ұлының қазасына байланысты мәлімдеме жасады
Оның мәлімдемесі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Назарбаеваның жазуынша, олардың отбасысы Айсұлтанның дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғырып жатыр. Сонымен қатар ол осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенетіндіктерін айтты.
Сенбіден жексенбіге қараған түні Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев көз жұмды.
Оның қайтыс болу себебі әлі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған.