Әлем жаңалықтары
БҰҰ Бейрутті қайта қалпына келтіруге 565 млн доллар керек екенін айтты
«Көмек мұқтаж жандарға бөлінуі тиіс. Осы үшін арнайы механизм жасалды. Жоба жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асырылмақ. Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық», - деді БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди.
Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапты. 6 мың тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан аса адам баспанасыз қалды.