Hi-Tech
Адамзатқа бір ғасыр қызмет еткен фотоқұрылғы жайлы білесіз бе?
Фотоаппарат десе көз алдымызға бүгінгінің цифрлы камералары елестейді. Алайда, кез-келген техникалық құрылғы эволюциялық дамудан өтіп, үздіксіз жетілу үстінде болары мен айтпасам да сіз бен бізге белгілі дүние.
Кеңестік дәуірде алдынғы буын өкілдері «Зенит», «ФЭД», «Смена» маркалы фотоаппараттардың түссіз пленкасын пайдалып жүрді. Ал, бүгінде пленкалы фотоқұрылғының орнын сандық, кәсіби фотоаппарат басқан, оған қоса кез-келген смартфонда сапалы сурет түсіретін камера орнатылған.
Фото түсіру өнерінде пленканың алатын орны ерекше. Алғашқы пленкалы фотоаппаратты америкалық өнертапқыш Джордж Истмен ойлап тапқан. Ол 1888 жылы толыққанды пленкалы Kodak маркалы фотоаппаратты халық назарына ұсынды. Аталмыш фотоқұрылғы 20 ғасырдың басында қарапайым халық үшін қолжетімді болды. Фотоаппараттың құны бар жоғы 1 доллар ғана еді. Сатып алушы пленканың бір орамасымен 100-ге жуық сурет жасай алатын. Дәл осы құрылғымен адамзат бір ғасырға жуық уақыт фото түсіру өнерімен айналысты. Кез-келген тауарға деген сұранысты жақсарту мақсатында оның жарнамасына көңіл бөлу өткен ғасырда да маңызды болды. Өз кезегінде Джордж жарнамалық мәтінді өзі жазды. Ұран мәтінінде «Сізге түймені басу ғана қалды, қалғаны біздің шаруа» делінген. Расында да, Kodak маркалы фотоаппараты өте қарапайым болды және сонысымен де тарихта қалды.