Саясат
Айсұлтан Назарбаевтың өліміне байланысты Жанболат Мамай пікір білдірді
«Соңғы бір жылдың ішінде Айсұлтанға қатысты дау-дамай толастаған емес. Әртүрлі мәселелер көтерілді. Өзінің отбасының ішіндегі, жалпы елдегі мәселелерге, олигархтарға байланысты шындықтың бетін ашты.
Енді менің өз басым 30-ға әлі келмеген, орда бұзатын, тепсе темір үзетін жігіттің аяқ астынан осылай кетіп қалғанына күмәнданамын. Өзі кетіп қалғанына! Енді әртүрлі жағдайда айтуға болады, бұл жерде болжам жасау өте қиын. Өйткені ол Қазақстанда емес, Лондонда қайтыс болған. Бірақ өз басым күмәнді нәрселер көп деп санаймын. Бірақ бұл жерде бір нәрсені айтқым келеді: мына Назарбаевтардың отбасы тек қана өздерінің отбасының ғана емес, ең өкініштісі, бүкіл Қазақстанның ойранын шығарды», - деді ол кезекті видеоүндеуінде.
Жалпы Айсұлтан Рахаттың өзі де биыл 23-24 қаңтарда Facebook-тегі парақшасында шулы жазбаның бірнешеуін қатар-қатар жариялаған болатын. Ал 22 қаңтардағы жазбасында: «Жақын арада мені өлтіріп кетеді немесе әкемнің күйін кешемін. Мені өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған жынды деп көрсетіп, соны дәлелдеуге тырысады», - деп, одан кейін «Мен бір-ақ нәрсені қалаймын: өлерімнің алдында атаммен кездескім келеді» - деген еді.
Алайда оның өліміне нақты ненің себеп болғаны белгісіз. Тек «жүрек талмасы ұстағаны» ғана хабарланды. Бәлкім дімкәстігі биылғы даулы жазбаларымен қатар ұстай қалған жүрегі сол пікірлері жарияланбағанда, соғысын тоқтатпас па еді...
Енді кеше ғана қайтыс болған марқұмның жерлеу рәсімі бүгін өтеді. Бұл туралы Kaztag агенттігі хабарлады. Ал, біріншіден, ислам шартында мәйіт адам қайтыс болғаннан 3 күннен кейін жерленеді. Екіншіден, Айсұлтан Рахат бұған дейін өз отбасы туралы жазбасында: «Егер мен олардың маған жасаған барлық іс-әрекеттерінен кейін аман қалған болсам, бұл – Алла мен оның ұлы Исаның және киелі күштің мені қорғағаны... Менің күшім Алламен және оның ұлы Исамен, киелі күшпен бірге», - деген болатын...