Weekend

Қазақстандықтар ЕАЭО-дағы ең бақытты халық атанды

Әлемдік рейтинг көрсеткіші анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 153 мемлекеттің ішінде 50-ші орынға көтерілді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

World Happiness Report сайтының мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстан 60-шы орында болған. Ал осы жылы 10 сатыға көтеріліп отыр. Еуразиялық одақтың ішінде Қазақстан бірінші орында келеді. Рейтингте Ресей – 73 орында, Қырғызстан - 74-ші орында, Беларусь - 75-ші орында, ал Армения 116-орында тұр.

Айта кетейік, бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісі халықтардың қаншалықты бақытты екенін өлшеуге арналған халықаралық жоба. Рейтингті әзірлеу кезінде бірнеше көрсеткіш есепке алынады. Олар: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі, өмірдің ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер.

Биыл әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия мен Люксембург енді. Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан.

Қазақстандықтар өмірге қаншалықты риза

Статистика комитетінің ақпараты бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің 63,5 проценті қазіргі өміріне қанағаттанады. Ауылда - 72,6 процент, ал қалада  - 58,4 процент.  Қазақстанда әйелдерге (58,5%) қарағанда, ер адамдар (61,8%) өмірге риза.

Өткен жылы өмірге қанағатанамыз деген респонденттердің жалпы саны 60 процент болды. 2018 жылы осы көрсеткіш 56,5 процент еді.