COVID-19

Коронавирус туралы ән жазған Марат Омаров АҚШ-тан арнайы шақырту алды

АҚШ үкіметі Марат Омаровты шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров АҚШ-та өтетін қайырымдылық шарасына шақырту алды. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстандық композиторды бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясы шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл – әннің құдіреті. Менің "Коронавирус, кет-кет-кет" деген әнім хит болып кетті. Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі болғандықтан, өткен жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. Наурызда Майамиде концерт беретін болдық, бірақ коронавирусқа байланысты АҚШ президенті шараны кейінге қалдырды" – дейді композитор.  

Айтуынша, композиторлар ассоциациясы бұл қайырымдылық шараның міндетті түрде өтетінін айтқан.

"Дональд Трамп пандемия біткен соң қайырымдылық шарасын ұйымдастырғалы отыр. Маған бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясынан 2-3 күн бұрын хабарласты. Сол концертке қатысатындар тізіміне мені қосыпты. Дәл қазір қашан баратынымыз белгісіз", дейді Марат Омаров.

Композитордың айтуынша, іс-шара коронавирус тақырыбына арналады.

Айта кетейік, композитор қазір "Аман бол, халқым-ай" деп аталатын жаңа ән дайындап жатыр. Бұл ән де коронавируспен күресіп жатқан қазақстандықтарға арналады.

Ал Омаровтың "Коронавирус, кет-кет-кет" әні індет басталған кезде әлеуметтік желілерде кең таралып кеткен болатын.