Білім және ғылым

Министрлік мәлімдемесі: Биылғы оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Министрлік кесте жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында оқушылардың қанша күн демалатынын айтты.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;

1-сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 5-14 қараша 2020 жыл, қысқы – 31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл, көктемгі – 20-31 наурыз 2021 жыл;

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 8-14 ақпан 2021 жыл.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.