Лукашенко қандай жағдайда өз билігін беруге дайын? - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Лукашенко қандай жағдайда өз билігін беруге дайын екенін айтты

Александр Лукашенко қандай жағдайда өз өкілеттілігін беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Андрей Покумейко Белоруссияның жаңадан сайланған президенті Минск дөңгелекті трактор зауытына тікұшақпен ұшып барды. Онда ол ереуілге шыққан зауыт жұмысшыларымен кездескен. Қазіргі уақытта ел бойынша барлық зауыт жұмысшылары ереуілге шығуда. Қызметкерлермен кездескен Лукашенко елде қайтадан сайлау өткізуге қарсы емес екенін жеткізді. Президенттің көпшілікпен сөйлескен сәтін "Беларусь 24" телеарнасы жариялаған.
Лукашенконың сөзінше, сайлау өткізу үшін жаңа конституция қабылданатын референдум құруға тура келеді. Осыдан кейін ғана жаңа конституция талаптарына сәйкес, президент, парламент және жергілікті билік органдарын қайта сайлауға болады. 
Кеше Лукашенко Минск дөңгелекті трактор зауытына барған кезде елде қайтадан сайлау болмайтынын баса айтқан еді. 
Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс болды.
Сондай-ақ 15 тамызда жоғары лауазымды шенеуніктер мен Лукашенконың қатысуымен арнайы жиын өткен. Жиналыс кезінде Лукашенко Беларусьтегі митингтерге сыртқы күштердің әсер еткенін айтқан болатын.

0 Пікір Кіру