Weekend

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Дәрігер кімге қарбыз жеуге болмайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жүрек-қан тамыры, несеп шығару жүйесінің аурулары бар және қант диабеті бар адамдар қарбызды аз жеу керек. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Андрей Бобровский айтты. Қарбызды көп жеген кезде қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарбыздың суы көп екенін білеміз. Қан қысымы тез көтерілетін болса, әсіресе бүйрек дұрыс жұмыс істемесе, қарбыздың кесірі көп болады. Бүйрек суды "қорытып" үлгермегендіктен, артық су ағзада қалып қояды және қан мөлшері ұлғаяды. Ал бұл гипертонияға әкеп соғады", - деді диетолог.

Сондай-ақ маман қарбыздың аллергиялық реакция шақыруы мүмкін екенін айтты.

"Адам алкоголь ішкен кезде кейде қарбыз жеп қояды. Кейін оның қарбызға аллергиясы бар екенін түсінеді. Себебі алкоголь аллергендерге күресті бәсеңдетеді. Оны ішпеген кезде ешқандай аллергияның белгісі болмайды. Мұндай жағдайлар кездеседі", - деді ол.

Андрей Бобровский жазда көпшілік қарбыз диета ұстанғысы келетінін атап өтті. Бірақ бәрі бұл диетаны қалай ұстауды білмейді, сондықтан өзіне кесірі тиюі мүмкін.

"Қарбыз диетаның бір бөлігі болуы мүмкін. Ол ашығу сезімін басуға көмектеседі. Бірақ оған сеніп қалуға болмайды. Себебі қарбыз толыққанды тамақ емес, тұрған көмірсу. Дұрыс тамақтың құрамында ақуыз бен май болу керек. Оның үстіне қарбызда негізінен жай қант бар. Сондықтан оны жеуге болады, бірақ тойып жегенмен қарның ашады", - деді сарапшы.

Маманның айтуынша, теориялық тұрғыдан адам күніне бір-екі келі қарбыз жей алады. Бірақ алдын ала қанша жейтінін өлшеп алуы керек. Тіпті тоймай қалдым деп қайта жей беру қауіпті. Әсіресе, қант диабеті бар адамдар аз жеу керек.

Сондай-ақ дәрігер қарбыздың құрамында антиоксиданттар мен минералдар, пайдалы дәрумендер бар екенін ескертті. Сондықтан егер жоғарыда аталған аурулар болмаса, онда қарбызды мөлшерлеп жеген абзал.

Маман қарбызды ұйықтардан 2-3 сағат бұрын жеуге кеңес берді. Себебі ағзадан артық су шығып үлгеруі керек.