Weekend

Ұлт болашағы жастардың қолында!

Жастар туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сан ғасырларды кері шегіндірген, тарихы тереңде жатқан қазақ халқының байырғы ақуалы бәрімізге бесенеден белгілі. Тарих төңірегіне көз жүгіртсек, елім деп, ақ найзаның ұшымен, ар-намыстың күшімен ел қорғаған батыр бабалар, алдына келген тура сөздің тігісін жатқызып, оймақтай аузымен ой саларлық құндылықтар айтқан би-шешендер, бертін келе, қанын төксе де арын төкпеген ақтаңдақтар, ұрпағын ұлықтаған ұлт-қайраткерлері, бостандық деп шырылдаған боздақтардың негізгі мақсаты ел тыныштығы мен тұрақтылығы еді. Елім деп еңіреп, жерім деп көз жас төккендердің бар арман, ойы- қазақ атты қараша халықтың бақытты ғұмыр кешуі болатын. Егемендік аңсаушылар «бақытты болудың нышаны – бостандық» деп ұғынды. Ата- бабаларымыз бастамасын бастап , бодан болудан қашқан еліміз-бүгінде тәуелсіз қазақ мекені.Қандай керемет естіледі, ә?! Тәуелсіз Қазақстан! Міне, ел тәуелсіздігіне 27 жылдың қарсаңы толып отыр. Осы атылмыш 27 жылдың ішінде Самұрық құс сынды қанатын кеңге жайған Қазақстан қарқынды түрде дамыған, даралар ішінен сараланған қайсар да айбарлы мемлекет екендігін танытты. Бұқара халық болашағы бар берекелі мекенде мерекесін асырып, бозторғай жұмыртқалайтын жайлы қоныста құт-берекесін тасытып, мамыражай күн кешуде.

Тәуелсіздікті «тұғырым» деп білетін әр қоғам қайраткері, қарапайым халық бабалар салып кеткен даңғыл жолдың толастамауы үшін еңбек сіңіріп, бас біріктіріп, күш-жігерін жұмылдыруда. Сондай-ақ, самарқау жылдардың сұрқия сәттерін естен кетіріп, болашаққа бет алған егеменді еліміз – әлем елдері ішіндегі ойып аларлық орны бар, киелі де көне мекенге айналу барысында, саналы ұрпақтың тигізер мол еңбегі бар екендігін атап өтті. Жастардың зиялы да білімді, білікті де білгір, сауатты да салауатты болуы ел болашағының айқын көрінісі.Қазіргі ел тұрғындарыныңда алға қойған мақсаттары - боз бала, бойжеткендердің ертеңгі ел тағдырын шешуші адамдар боларын саналарына құю, жүректеріне орнықтыру. Жастардың жақсы білім алуы үшін қарастырылған жан жақты тұжырымдамалар бір арнада тоғысып, тәуелсіз елдің пайдасына асып жатыр. Елім деп еңіремесе де, жерім деп бас біріктірген білімділердің алар белесі алуан.

Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы. Қазіргі таңда, жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршілік көру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі.

Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек. Өрнегін салған өткен күндерді тарих сахнасына қалдырып, асығы алшысынан түсер алдағы сәттерді санасына түйіп, іс-әрекетке бет бұруы тиіс.

Ол үшін негізгі міндет- сапалы білім. Білімді азамат атанып, ел мерейін асқақтатары тақиямызға тар келмесі анық. Сондай-ақ,айрандай ұйып, басы біріккен озық елдер қатарына қосылып көшбасшы атану көкірегімізде жалындап тұрған алау –үміттердің бірі.Тереземіз тең, керегеміз кең болуы үшін де зияткер ұл-қыз, білікті балалар тәрбиелеуіміз шарт.

Ертедегі ақын, жазушы аталарымыздың кезінде білім алуы үшін сан соқпақты басып өтіп, өмір не өлім таңдаған, ұлт тағдыры үшін тамырын қиғандарын білеміз. Ал қазіргі таңдағы жастардың, төрт құбыласы тең, күн кешіп жүрген шақта білімге құлшынбауы нағыз ессіздің тірлігі. Сонымен қатар, ұрпағын ойлаған, «жастарға сенемін» деп өз ықыластарын білдірген қайраткерлердің сөзін қалай жерге тастамақ. 

«Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әр бір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, демек М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат.

Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін , әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ. Сондай –ақ, ұлт болашағы жастардың қолында екен , жүрегімізде «елім» деп лаулаған алау алаш жастарын бір сәтке де жәйбарақаттылыққа салынуына жол бермесі анық. Себебі, Қазақстанның гүлденуі- жастардың қолында!