Әлем жаңалықтары

Қытай алғашқы COVID-19 вакцинасын патенттеді

Қытай вакцина патенттеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайда COVID-19 вакцинасына алғашқы патент берілді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

Мамандар екпенің бағасы 1000 юаннан аспайды деп отыр. Бұл шамамен 60 мың теңге.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады.

Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.