Weekend

Мәлім де, бәймәләм Мұрт

Мұртқа байланысты қызық деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. ХХ ғасырдың басында Ресей армиясында барлық армия генералдары, офицерлер, төменгі шенділер, сондай-ақ азаматтық шенеуніктер мұрт қоюға міндеттелген.

2. Ертеректе өрт сөндірушілер де үлкен мұртты болуы тиіс еді. Ол өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушіге еш зақым келмеуі үшін өте маңызды саналды. Тыныс алу жүйесін, басқа да органдарды түтін иісінен сақтау үшін мұртты сулап жүретін болған.

3. Қазіргі орыс армиясында сарбаздың шашы, мұрты, сақалы ұқыпты, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет және жеке қорғаныс құралдарын қолдануға және жабдықтардың тозуына кедергі келтірмеуі керек.

4.  Мұртты өсіру қиын емес. Ол тәулігіне 0,36 мм жылдамдықпен өседі. Бір жылда сіз 15 см мұртты өсіре аласыз, ол адам бойындағы басқа «түктерге»  қарағанда тез өседі. Дегенмен, мұрттың өсу қарқындылығы дененің физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ адамның ұлтына байланысты.

5.  Мұрттың түсі денедегі «басқа түктердің» түсінен қарағанда ашығырақ болуы мүмкін. Себебі: бет жағында орналасқан фолликулаларда пигменттің әртүрлі деңгейі бар, оларда дәрумендердің жетіспеуі, сондай-ақ күшті эмоционалды уайым мен стресс нәтижесінде пигменттің теңгерімсіздігі пайда болады.

6.  Физиогномия ғылымы мұртты пішіні мен ұзындығына қарай адамның мінезін анықтауға болатынына сенімді. Қалың мұрт иесі - жігерлі және шешім шығаруға қабілетті. Жіңішке мұрт - бұл нәзік психиканың дәлелі, оның эстетикалық көзқарасы. Иығына дейін созылған мұрт -  адамның қоғамға үстемдік еткісі келетіндігі туралы айтады. Егер мұрттың ұштары жоғары бағытталған болса, олардың иесі - керемет ойын-сауықты, әзілдесуді жақсы көреді және жақсы әзілді бағалайды. Қарапайым жандар кішкентай ғана мұртты болып келеді, керісінше зиялы қауым өкілдері үлкен мұртты қалайды. Мұртының ұшын құлағына іліп қоятындар - шешім қабылдағанда ақылға емес, инстинкттерге сүйенеді.

7.  Мұртты және сақалды жандарға арналған халықаралық чемпионат бар. Онда әр түрлі номинациядағы ең талғампаз мұрттың иесі анықталады. Оның ішінде «табиғи мұрт», «Дали», «ағылшын мұрты» және «фристайл» т.б. бар. Мұндай алғашқы мұрт байқауларлары 1990 жылдан басталды. Осындай іс-шаралар әлемнің көптеген елдерінде өткізіледі.

8. Әлемдегі ең ұзын мұрт иесі – Үндістандық Кальян Рамжи Саин. Оның ұзындығы – 3,37 метр. Оның мұрты ширек ғасыр ұстара көрмеген.

9. «Қылшықсызға» қарағанда мұртты еркектің көбірек ұнайтынын сауалнамаға қатысқан жүз мың әйелдің 70 пайызы растаған.

10.  З. Фрейдтің «түс жору» кітабының түсіндірмесіне сүйенсек, егер ер немесе әйел түсінде мұртты көрсе, оның өмірінде өзгерістер пайда болады. Мұрттың мөлшері неғұрлым үлкен болса, олардың масштабы соғұрлым әсерлі болады.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61