Саясат

Тоқаев жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырды

Мемлекет басшысы жаңа тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым", - деді Тоқаев.

19 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

"Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін ұсталып жатқанын оқитын болдық", - деді президент.

Президент ұсталған шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екенін ерекше атап өтті. Осының өзі – "өте қауіпті симптом".

Тоқаев бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлыққа қарсы бастамалары жоқ енжар басшылар туралы хабарлап отыруды тапсырды. Бұл жергілікті атқарушы органдарға да қатысты болмақ.