Bugin

Daryn online және Ordagen платформасының негізін қалаушылардың бірі Nur Otan праймеризіне кандидатурасын ұсынды

Ұлттық стартап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қашықтан білім беруге арналған танымал платформаның негізін құрушылардың бірі Еркебұлан Амантаев Nur Otan праймеризіне қатысу үшін кандидатурасын ұсынды. Daryn.online бір жылдан бері жұмыс істеп жатқанына қарамастан, тек карантин тәртібі енгізіліп, оқушылар қашықтан білім беру жүйесіне көшкен кезде ғана танымал бола бастады. 

Қазір ұлттық стартап республика бойынша 2,7 миллионнан астам пайдаланушыға ие.

Естеріңізге сала кетсек, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай кезінде Daryn.online еліміздің барлық оқушысына оқу жылының 4-ші тоқсанында платформаны тегін қолдану мүмкіндігін ашқан болатын.

Еркебұлан Амантаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында дүниеге келген.  Шымкент қаласындағы үш тілде білім беру жүйесімен ерекшеленетін дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебін алтын белгімен бітірді.

Бакалавр және магистр дипломын елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алды. Қазір «Саясаттану және конфликтология» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқуын жалғастыруда.

Студент кезінде "Алтын Белгi" иегерлері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және «Халықаралық Астаналық экономикалық форум» координаторының көмекшісі болған. Елбасымыз Н.А. Назарбаевтың қатысуымен Ташкент қаласында өткен «Uzbekistan-Qazaqstan business forum» және Брюссель қаласында   (Бельгия патшалығы)  өткен «Work social security forum» форумдарының қатысушысы. Сонымен қатар, Корея және Түркия мемлекеттерінде тағылымдамадан өткен.

Еркебұлан өзінің еңбек жолын автоХҚО-да (автоЦОН) қарапайым маман ретінде бастаған. Кейін ХҚО бөлім басшысына дейінгі мансап жолындағы сатының барлық баспалдақтарынан өткен. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалының  Сарыарқа аудандық ХҚО және автоХҚО бөлімдеріне басшылық еткен. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ қызметкері ғана емес, Daryn online және ordagen білім беру платформаларының негізін қалаушылардың бірі.

- Мен ұзақ уақыт халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқардым. Мен үшін халыққа тек мемлекеттік қызметтерді көрсетіп қана қою емес, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге көмектесу маңызды. Барлықтарыңызды шетте қалмай еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді салуға шақырамын! - дейді Еркебұлан Амантаев.