Спорт

Мессидің кейінгі жеңілістен кейін "Барселонадан" кеткісі келеді

Месси жаңа бас бапкерге "Барселонадан" кеткісі келетінін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Барселона" құрамасының футболшысы Лионель Месси бас бапкер Рональд Куманға клубтан кететінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Футболшы жаңа бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" клубынан 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын айтқан. Сонымен қатар өзін "Барселонадан" тыс көретінін де ескерткен еді.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Месси командадан кетсе, қандай қиындықтарға тап болатынын біледі. Негізінде футболшының "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.

Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған - бапкер екі жылдық келісімшарт жасасты. Футболшы ретінде ол "Барселонада" 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істепті.

"Барселона" футболшыларын жаттықтырған 61 жастағы Кике Сетьен команда "Бавариядан" ірі есеппен жеңілген соң командадан кеткен болатын.