Қоғам

Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандамақ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 45%-ға дейін төмендейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халыққа онлайн есеп беру брифингінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын 45%-ға дейін төмендету туралы мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тұтас әрі тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ұлттық тауар өткізуші жүйе құрылуда. Ол фермерлерді, сатып алушыларды, көлік қызметкерлерін, делдал мен ритейлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Яғни техникалық әрі ақпараттық тұрғыда қамтиды", - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бірыңғай цифрлық жүйемен біріктірілген 24 көтерме-үлестіру орталығы өнімді жеткізу тізбегін оңтайландырады. Осы орайда өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізуді қамтып, өнімді сақтауға, тиімді бөлуге қолайлы жағдай жасалады. Тауардың бүліну қаупін төмендету шаралары фермерлерге өнімділікті арттыру үшін қосымша инвестиция бөлуге жол ашатынын айтып өтті.

"Жеке өндірушінің тауарды өткізу нарығына тікелей қол жеткізуі табысын елеулі сомада арттырады. Ал тұтынушы сапалы әрі қауіпсіз өнімді алады. Бұл тұрғыда әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарлары бағасын 45 пайызға дейін төмендетуге мүмкін болады. Осы орайда тұтынушылар үшін жылына 60 млрд теңге шамасында үнемдеуге ықпал етеді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, маусымдық тапшылықты жоятынын атап өткен жөн", - дейді Б.Сұлтанов.