Қоғам
Қызылордалық тұрғын әкімнің қабылдауында болды
- "Бүгін 21.08.2020 жылы облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың қабылдауында болдым. Жеке басымның және де басқа да кісілердің маған шағым айтып жүрген мәселелерінің шешілуін сұрадым. Орындауға тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді. Әкиматқа кірер уақытта ана есікке бар, мына есікке бар деп біраз атдігідік шапқыладық. Әкім ханыммен еркекпен еркекше сөйлестік дегендей әйел мен әйелше сөйлесіп біраз болған жайттардың басын шештік. Әкім ханым не үшін мені тыңдамай машинаға мініп кеткен себебін мен не үшін алдынан шыққанымды ашық түрде айтылды. Ханның қызы деген сөзде ауызымнан не үшін шыққанын себебін ащы болсада шындығын жеткіздім.Өзімнің 2 жылдан бері қоғам белсендісі болғалы неше түрлі әкімшілік істерге тартылып жатқанымды айттым. Алдағы уақытта мен өтініш еткен мәселелер шешілер деп ойлаймын. Өтінішімді жазбаша да тастадым. Егерде соттың шығарған қаулысы айыппұлдарым мен 6 айға қойылған шара тоқтатылмаса астанаға Тоқаевқа барамын. Мен өзімнің құқымды қорғауға тиістімін. Аналарға қатысты, денсаулық сақтау басқармасына, облыстық собеске байланысты да сұрақтарымды қойып тиісті жауабымды алдым. Ол мәселелерде шешімін тапса дұрыс болар еді. Облыс әкімі маған әрқашан менің жазып айтып жүрген мәселелеріңіздің шешімін табуға болатынын да айтты, алдағы уақытта ауданға барғанда да қабылдап отырамын деп уәде етті. Сонымен әкім ханымның қабылдауында болу сәтті өтті. Бірақ анау әкімнің жан жағындағы жүгіріп жүретін кісілердің неге олай алақ жұлақ етіп жүретініне таңым бар. Ол кісілерге айтарым әкім де ,президент те, депутат та барлығы өзіміз сияқты адамғой. Шыли анандай болып жүгіре бермеңіздерші. Біз өтінішімізді айтуға барып тұрмыз адам ұрлауға емес. Ашықтық пен қарапайымдылық басшылардың мерейін үстем қылады,осыны ұмытпағайсыздар!!!! Барған есіктен кіргізу керек еді, бізді ала өкпе қылып шөп пен топырақты аралатып жүгірткенше осы жері ыңғайсыздау болды. Аман болыңыздар!!!!",- делінген Сандуғаш Тұрлыбекованың жазбасында.