Weekend

Қазақстан әлемдегі үздік елдердің қатарында

Еліміз әлемдегі үздік елдердің тізімінде нешінші орында тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан әлемдегі үздік елдердің тізімінде 66-орында тұр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

US News & World Report басылымы жариялаған тізімде Швейцария 1-орында тұр. Сондай-ақ, тізімде Канада, Жапония, Германия және Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия елдері бар.

Рейтинг 9 көрсеткіш негізінде дайындалған екен:

1) кәсіпкерлікті дамыту;

2) туристер арасында қаншалықты танымал;

3) өз азаматтарына қарым-қатынас (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);

4) мәдени әсер;

5) тарихи мұра;

6) даму әлеуеті;

7) бизнес үшін ашықтық;

8) әскери күш;

9) өмір сапасы.