Weekend
Бұған не дейсіз?
Барлық адам түс көреді. Ғалымдар қанша ғасырдан бері түс «құпиясын ашуға», жоруға, өмірмен байланысына көп жұмыстанғанымен, әлі де толық зерттеп үлгерген жоқ. Ал, төмендегі мәліметтер – кім-кімге қызық болары сөзсіз.
Сонымен, түс жайлы не білеміз?
Зағип боп туғандар түс көрмейді екен. Олардың түсі тек иіс, дыбыс, түйсіну, сезу, эмоция және дәммен шектеледі. Туғаннан соң жанарынан айырылғандар болса, сау адамдармен қатар түс көреді.
Адам баласы оянғаннан кейін бес минут ішінде көрген түсінің жартысын ғана есіне түсіре алады. Біраз уақыт өткен соң соның оннан бірі ғана есте қалады екен.
Бір қызығы, адамдар көп жағдайда жағымсыз эмоциялы түс көреді. Ал, жағымсыз әсер ететін және көп қайталана беретін түс – үрей мен қауіп.
Түсіңіздің кейіпкері – сіздің өмірде көрмеген адам бола алмайды. Себебі біздің түсімізге өмірде көрген адамдар ғана кіреді екен. Бұл сөзімізбен келіспейтін де шығарыз, бірақ «кейіпкеріңізді» қалың нөпірдің арасынан немесе теле көпірдің ішінен бір рет болсын көргеніңіз рас.
Адамдардың 12 %-ға жуығы тек ақ-қара реңдегі түс көреді. 25 жасқа дейінгі адамдар арасында бұл көрсеткіш – 4 %-ға тең. Ғалымдардың пікірінше, ақ-қара түсті теледидардан түрлі-түсті теледидарға көшуге байланысты түрлі-түсті реңдегі түс көретін адамдардың саны күн санап артып барады.
Ерлер түсінде шамамен 70% ерлерді, ал әйелдер 70% әйелдерді ғана көреді-мыс.
Бұл – бір парасы. Жануарлардың да түс көретінін ескерсек, ғалымдардың мойнындағы «өздері арқалаған жүктің» қаншалықты ауыр да, қызық екені түсінікті де шығар.