Білім және ғылым
Мектеп табалдырығын енді аттағалы жатқан оқушы әріпті онлайн қалай танымақ?
Иә, түсінемін елімізде болып жатқан жағдай оңай емес, ауыр! Атын аузыңа да алғың келмейтін вирус деген бәленің кететін түрі жоқ сыңайлы.
Дегенмен, біраз жерді жапқаны жарайды көнерлік, бірақ мектептің жабылғаны күйік қой күйік! Оқушылар қашықтықтан оқи алмайды! Олай берілген білім білім емес!
Бірінші сынып оқушысы әліппені қалай танымақ? Компьтердің бер жағында отырыппа? Жоқ, ол мүмкін емес! Смартфонды жақсы білгенімен, оқу мен сызуды, оны қойшы қолына қалам алып жазуды үйренбеген бала қалай сауатты болмақ?
Сонымен қатар, 2-5-сынып оқушыларының да қашықтықтан оқығанын құптамаймын! Олар әлі кішкентай. Ойын балалары онлайн оқуға мән береді дейсіз бе? Мұғалімнің көз алдында отырғанда да тыным таппайтын олар, компьютердің ар жағында мүлдем көңілі басқа жақта болады.
Ата-аналарға да оңай емес. Қазіргі мектеп программаларын олар білмейді, түсінбейді! Оны түсінбеген ата-ана үйде отырып баласына қалай көмек бере алады? Үкіметтің үкілеп отырғаны өз денсаулығы ғана! Болашағымызға бас қатырып отырған басшылық жоқ! Әйтеуір, вирустан сақтандырамыз деп, сауатсыз ұрпақ тәрбиелеп шығармасақ болғаны!