Саясат
Бүгін болатын Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы кейінге қалдырылды
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Твиттерде хабарлады.
"Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды", - деп жазды ол.
Байбек партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында бюро мүшесі, премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындардың табысын ынталандыруды тапсырғанын жеткізді.
Сонымен қатар өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері ұсынылады.
Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы алғашында 24 тамызға жоспарланған еді. Кейін жиынды 25 тамызға ауыстырды.