COVID-19
Министрлік ғалымдардың болжамына жауап берді
"Әр ғалым болжам жасайды. Алмаз Шарманның да ондай құқығы бар. Бастысы үш болжам бар екенін түсіну керек, олардың біреуі пессимистік. Ондай сценарийге де дайындалу қажет. Денсаулық сақтау жүйесінде кем дегенде 55 мың адам қабылдай алатын уақытша орталықтар бар. Емханаларда қажетті дәрі-дәрмектер, қаражат жеткілікті. Ең бастысы – денсаулық сақтау жүйесін дайындау және мұндай сценарийдің орындалуына жол бермеу", - деп жауап берді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Бұған дейін қазақтан шыққан америкалық ғалым Алмаз Шарман Facebook-те Вашингтон университетінің Chris Murray моделіне сәйкес, Қазақстанда қараша айының басында 50 мыңға жуық адам COVID-19 індетін жұқтырып, күн сайын 80-100 адам қайтыс болады деп болжанып отырғанын жазды.
Шарман "Ел үміті" бағдарламасы аясында премьер-министр Асқар Маминнің Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласының менеджерлерімен кездесуіне қатысты.
Ғалым денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және пандемия жағдайында Қазақстан экономикасын жұмылдыру жобасын ұсынды. Ол жан-жақты тестілеу, қарым-қатынас жасағандарды анықтау және өзін-өзі оқшаулау бойынша кең көлемді шаралар қажет деп есептейді.