Weekend
Олар тек өнер адамы емес
Өнер адамдары сахнада ғана ән салып немесе халықтың сүйіктісі болу жолында қызмет жасауға міндетті емес. Олардың да жеке өмірі мен материалдық құндылығын арттыруға деген үміті бар. Өнер өз сахнасында шырқалып жатса, кәсіп өз алдына айналып жатса оның несі айып?!
Сіздерге отандық өнер және спорт жұлдыздарының брендімен ашылған дүкендер туралы айтамыз.
Геннадий Головкин (GGG)
Қазақстанның бірегей бірден-бір брендіне айналған Геннадий Головикннің атындағы интернет-дүкен бар. Аталған дүкенде «GGG» бренді бар киім-кешектер сатып алуға болады.
Қыдырәлі Болманов қуыршақтары
Елімізге ғана емес, бүкіл әлемге атын паш еткен «Ұлытау» тобын құрған, продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов мырзаның «Бал бала» атты интерактивті ойыншықтар жасайтын компаниясы бар.
Әншінің компаниясы жасайтын ойыншықтар қазақ тілінде ән салып, ертегі айтады.
Қайрат Нұртас (KN)
Отандық әнші, бүгінгі таңда ең үлкен аудитория жинап концерт берген Қайрат Нұртастың өз дүкені және өз атының брендімен өндірілетін дизайнерлік киім-кешектері бар.
Дүкеннің бренді – KN
Орамалды Роза Әлқожа
Қазақтың күміс көмей әншілерінің бірі, халықтың сүйіктісі Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» дүкені бар. Дүкенде аналарға, қыздарға, жалпы әйелде қауымына арналған түрлі үлгідегі орамалдар сатылады. Олар «Alkoja» брендімен жарыққа шығады.
Димаш Құдайберген «Димаш» бренді
Миллиард халықты тамсандырып келген белгілі қазақстандық әнші, ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің де берндімен интернет-дүкен ашылды.
«Димаш» брендімен жарыққа шығып жатқан заттар: шәй мен киімдер.