Bugin
Мәселе шешімін тапты ма?
Елімізде 2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап үш бірдей тас жол ақылы болады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.
"ҚазАвтоЖол" баспасөзінің айтуынша, 26 қаңтардан бастап Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас тас жолдары ақылы болады. Ақылы жолдың құны 100 теңгеден бастап 600 теңгеге дейін деп отыр. Тас жол маңындағы елді мекен тұрғындары үшін жылдық абонемент 1000 теңгені құрайды.
Осыған дейін ақылы жолдардың тегін альтернативті нұсқасы болуы керектігі жайлы сайтымызда мәселе көтерген болатынбыз. Ақпаратқа сүйенсек, мәселе шешімін таппаған секілді.