Әлем жаңалықтары

Ұлыбритания танкілерді киберқарумен алмастырмақ

Танкілері ескіріп қалыпты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі қарулы күштерін түбегейлі реформалап, қатардағы танкілердің барлығын пайдаланудан шығарып тастамақ. 

Times газетінің жазуынша, бұл түбегейлі өзгеріс 227 "Челленджер-2" танкі мен 388 "Уорриор" қосалқы броньды машиналарының тез ескіруі мен оларды жұмыс жағдайында ұстаудың қымбатқа түсуімен байланысты.

Әскери сарапшылар өткен жылы қазіргі соғыс жағдайларының өзгеруіне байланысты бұл екі машина түрі де ескірген, сол себепті бронды техниканың орнына киберқаруға, ғарыш қаруына және басқа да озық технологияларға қаражат салған жөн деген қорытындыға келген.

Алайда бұл сыншылардың пікірінше Ұлыбритания бұл қадамға барса, НАТО-дағы көшбасшылықты және АҚШ-тың басты әскери серіктесі мәртебесін жоғалтады дейді.

Бірақ басылымның мәліметінше, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ, ал танктер қиын кезде әскер қатарына қосылу үшін консервацияда тұрмақ.