Білім және ғылым

Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі

Мектеп оқушыларына үй жұмысы берілмейтін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларды үй тапсырмасынан босатуды жөн көрді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тікелей эфирде өткен тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы "Еуразия" бірінші арнасына берген сұқбатында министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

"Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады", - деп түсіндірді Мелдебекова.

Еске салсақ, 25-28 тамыз аралығында Қазақстанда 2-11 сыныптар үшін қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Оқушылар өткен материалды қайталайды.

2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сынып оқушылары үшін 3-4 сабақ, ал 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылды.

19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.

Жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.