Weekend

Той өтіп жатқаны туралы хабарлағандарға берілетін сыйақы мөлшері айтылды

Той жасағандар туралы хабарлағандарға ақша беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында заңсыз той және басқа да отбасылық шаралар туралы хабарлаған тұрғындарға берілетін сыйақының мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Облыстық комиссияның отырысында банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шаралар (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шаралар) туралы хабарлаған азаматтарға 20 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру жөнінде шешім қабылданды", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқандарды ынталандыруға бағытталған шешім "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" ҚР заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес бірауыздан бекітілді.

"Заңбұзушылықты хабарлау тәртібі келесідей болады. Егер кез келген азамат көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан іс-шараларды байқаса, дереу 102 және 112 нөмірлері арқылы құзырлы органдарға хабарласа алады. Оқиға орнына полиция мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерінен құрылған арнайы бақылау тобы келіп, құқық бұзушылық фактісін тіркейді. Егер құқық бұзушылық фактісі расталса, азаматқа 20 000 теңге сыйақы төленетін болады", - дейді мамандар.