Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласының жас еріктілері қарттарға көмек көрсетуде

Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс өңірінің орталығы – Өскемен қаласының жас еріктілері бірігіп асыл қазына қарттарымызға көмек көрсетті. Жақында «Қамқор» жобасы аясында «Nur Otan» партиясының ӨҚФ жаңындағы «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Алмаз Джакишев «Онлайн зейнеткер» жобасы аясында 4 ардагерге емханаға тіркелу және басқа да қызметтерді онлайн режімде алуға көмек көрсетті.



– Қарттарымыз – ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Ұрпақ үшін жан аямай күрескен қарттарымызды қадірлеу – біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін де – сол бір қарттар, – дейді «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы.  

Сонымен қатар «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы «ADAL» еріктілер қоғамдастығының белсеңдісі Бекенбай Ерасыл Ерланұлымен бірге «Жылулық сыйлаймыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Глазковаға 2,5 текше метр отын түсіріп беріп, азық-түлікпен көмек көрсетті.

– Балаларыма алғысым шексіз. Осындай қиын қыстау кезеңде балаларымның бұл бастамасы жүректі тебірентеді. Қатты толқып тұрмын. Ең бастысы адам баласының денсаулығы мықты болып, еліміз тыныш болсын, – деп Александра әжей өзінің ақ тілегін білдірді. 

 

Қаланың тағы бес соғыс ардагеріне дәл осындай көмек көрсетілді. Еріктілер отынды ардагерлердің үйіне түсіріп, ауласына жинақтап берді. Барлық ардагерлер еріктілердің көмегіне қуанып, шексіз ризашылықтарын білдірді. Александра Ивановна, Александра Ивановнаның сіңлісі Вера Иванованы еріктілердің игі ісі мен жомарттығына разы болып, көзіне жас алды.

– Үлкен рақмет! Өте разы болып қалдық. Бізді ұмытпай, көмектесіп жатқандарыңа алғысымыз шексіз. Мерейлерің үстем болсын, – дейді Вера Иванова.